Кофе төгіп алған премьер-министрдің сыпайылығы елді сүйсінтті (видео)

0 15

Нидерландының премьер-министрі Марк Рютте парламент ғимаратына кірерде абайсызда кофесін төгіп алған. Ол сасып қалмай, швабрамен еденді жуып шықты деп хабарлайды BBC News сілтеме жасаған NUR.KZ.

Премьер-министр еденді жуып жатқан кезде тазалыққа жауап беретін әйелдер жанына келіп, қол шапалақтап тұрды. Тіпті олар Марктың бойы ұзын болғандықтан швабраның ұзындығын да келістіріп берді.